https://youtube.com/watch?v=OExfHHpte0M&feature=shared (eGov ка кіріп документ жіберу тәртібі. Ата-аналар үшін)
«Baby City» ЖШС -і (мектеп -балабақша кешені) мектепке қабылдау тәртібі
1 сыныпқа балаларды қабылдау тәртібі
2025-2026 оқу жылына арналған
№ 1 МЛ 1 сыныпқа балаларды қабылдау тәртібі
ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564,
2024 жылғы 10 қаңтардағы өзгерістермен
№16 бұйрығы
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызметтер стандарты
1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері:
2025 жылы 01 сәуірден 31тамыз аралығында
2. Жұмыс кестесі:
– Қызмет көрсетуші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда;
– сағат 900 – 1830 (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін);
– порталдың жұмыс кестесі-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
– Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары төменде көрсетілген:
– 1) қызмет көрсетушінің интернет-ресурсы; :http://mektep1.edu.kz/
2) портал www.egov.kz.
3. Көрсетілген қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
– порталда:
1. №1 қосымшаның формасына сәйкес ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініші;
2. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) денсаулық жағдайы туралы № 065/у нысанындағы медициналық анықтамалар:
«Баланың денсаулық паспорты «№ 052-2/у есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашы № 21579 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 052-2/у нысанындағы медициналық анықтамалар.
3. баланың 3х4 көлеміндегі цифрлық фотосуреті.
– көрсетілген қызметті алушылар – шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі қойылған олардың мәртебесін айқындайтын келесі көрсетілген құжаттардың бірін тапсырада:
1) шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
3) босқын-босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға-пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілген қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың туу туралы куәлігін (паспорт, жеке куәлік), мекенжай анықтамасын қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда № 065/у және 026/у-3 нысанындағы медициналық анықтамаларды қызметті алушылар осы аумақта шектеу іс-шараларын алып тастауға, төтенше жағдайдың қолданылуын тоқтатуға қарай тікелей білім беру ұйымдарына апарып тапсырады.
Назар аударыңыз! ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 2 тарауының
9 тармағына сәйкес «Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Ескерту*. Мектеп логопунктінде қабылдау және түзету жұмыстары үшін логопедтің тексеруінен өтуді ұсынамыз.
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұманы қоса алғанда өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады
сағат 900 – 1730 (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін);