Біз туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, басты беттің төменгі жағында , “BABY CITY” мектеп-балабақша кешені инстаграмм (baby _city_atyrau) парақшасы бар. Парақшаға кіріп, жаңа жаңалықтармен таныс болыңыз!
«Baby City» мектеп - балабақшасы
«Baby City» Мектеп - балабақшасының әнұраны

«Baby City» мектеп-балабақша кешенінде балабақшаға дейінгі және мектеп жасындағы, яғни 1-4 сыныптар үшін барлық жағдай жасақталған. Абаттандырылған территория қаланың ең жасыл белдеуінде орналасқан. Мұнда біздің балапандар үшін спорттық кешендер мен ойын алаңдары бой көтерген.Кең ауқымды бөлмелер оқу-тәрбие жұмысын сапалы жүргізуге және әр түрлі бағытта дамуына мүмкіндік береді. Монтессори бөлмесі балғындардың зейінін, қимыл ептілігін дамытып, өмірде жие кездесетін жағдайларды өз бетінше шешуге дайындайды. Тұз шахтасы немесе гала терапия бөбектердің иммунитетін нығайтады. Дәрігердің бақылауында құрғақ тұз аерозольмен тыныстау олардың ағзасындағы зат алмасу процесін жеделдетеді.
Сенсорлық бөлме логопед пен психологтың жұмыс жасауы үшін өте қолайлы. Арнайы аура сыртқы орта қоздырғыштарының әсерін жеңілдетеді.
Сурет салу сабағында педагогтар жас суретшілердің қиял көкжиегін кеңейтіп, тұлғалық келбетін ашуға тырысады.
Біздің кешенде балалар музыкаға, хореографияға, театр өнеріне, сөз саптауға, алғашқы математика және үш тілге үйретіледі.
Тамақтың құнарлы болуы біздің басты назарымызда. Бассейнде өтетін әр сабақ баланың омыртқасына түсетін салмақты жеңілдетіп, бойын тіктеп ұстауына тәрбиелейді, жас организмнің шымыр өсуіне септігін тигізеді.


Судың тазалығы мен қажетті температурада болуын автоматтандырылған компьютер реттеп отырады.
Бүгінгі таңдағы өңірдегі үш ауысымдық оқыту, балабақша жетіспеушілігі сияқты мәселелерді шешуде 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап ашылған «Baby City» мектеп-балабақшасы сәбилерді 1.5 бастап қабылдайды.
1-4 сынып оқшыларына қаламыздың ең алдыңғы қатарлы мамандары дәріс береді. Озық жүйедегі, заманауи құралдарымен жабдықталған.
Соңғы он бес жылдықта ата-аналар алдында балаларын мемлекеттік немесе жекеменшік білім мекемелеріне беру туралы таңдау бар.
«Baby City» мектеп-балабақшасы!!! Баланың болашағын бүгіннен бастаңыз!!!
Мектептің басымдықтары

Шағын жинақты сыныптар (бала саны аз сыныптар)
Әр балаға тұлға ретінде жеке қарым-қатынас жасалады
Уақыт тұрғысынан ата-ана үшін де қолайлы балаңыз 08.30-19.00 аралығында білікті, тәжірибелі ұстаздар қамқорлығында
Медициналық кабинет жұмыс жасайды

Қызығушылығына қарай әр түрлі үйірмелер, спорттық секцияға қатысады

Күніне 4 мезгіл құнарлы тамақпен қамтылады

Үй тапсырмасына ұстаздарымен бірге дайындалады
Оқу аптасы - бес күндік
ҮЙІРМЕЛЕР
«Baby City» мектеп - балабақшасында балалардың жақсы оқумен қатар, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына көңіл бөледі. Негізгі сабақтар аяқталған соң оқушыларға үйірме жұмыстары ұсынылады.
Мектеп үйірмелері сағ 16.00 - 18.00 аралығында жұмыс істейді.

«Арт-Батик» изостудия

Хореография
