«Baby City» мектеп-балабақша кешенінде балабақшаға дейінгі және мектеп жасындағы, яғни 1-4 сыныптар үшін барлық жағдай жасақталған. Абаттандырылған территория қаланың ең жасыл белдеуінде орналасқан. Мұнда біздің балапандар үшін спорттық кешендер мен ойын алаңдары бой көтерген.Кең ауқымды бөлмелер оқу-тәрбие жұмысын сапалы жүргізуге және әр түрлі бағытта дамуына мүмкіндік береді. Монтессори бөлмесі балғындардың зейінін, қимыл ептілігін дамытып, өмірде жие кездесетін жағдайларды өз бетінше шешуге дайындайды. Тұз шахтасы немесе гала терапия бөбектердің иммунитетін нығайтады. Дәрігердің бақылауында құрғақ тұз аерозольмен тыныстау олардың ағзасындағы зат алмасу процесін жеделдетеді. Сенсорлық бөлме логопед пен психологтың жұмыс жасауы үшін өте қолайлы. Арнайы аура сыртқы орта қоздырғыштарының әсерін жеңілдетеді.
Сурет салу сабағында педагогтар жас суретшілердің қиял көкжиегін кеңейтіп, тұлғалық келбетін ашуға тырысады.
Біздің кешенде балалар музыкаға, хореографияға, театр өнеріне, сөз саптауға, алғашқы математика және үш тілге үйретіледі.
Тамақтың құнарлы болуы біздің басты назарымызда. Бассейнде өтетін әр сабақ баланың омыртқасына түсетін салмақты жеңілдетіп, бойын тіктеп ұстауына тәрбиелейді, жас организмнің шымыр өсуіне септігін тигізеді. Судың тазалығы мен қажетті температурада болуын автоматтандырылған компьютер реттеп отырады.
Бүгінгі таңдағы өңірдегі үш ауысымдық оқыту, балабақша жетіспеушілігі сияқты мәселелерді шешуде 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап ашылған «Baby City» мектеп-балабақшасы сәбилерді 1.5 бастап қабылдайды.
1- 4 сынып оқшыларына қаламыздың ең алдыңғы қатарлы мамандары дәріс береді. Озық жүйедегі, заманауи құралдарымен жабдықталған.
Соңғы он бес жылдықта ата-аналар алдында балаларын мемлекеттік немесе жекеменшік білім мекемелеріне беру туралы таңдау бар.
«Baby City» мектеп-балабақшасы!!! Баланың болашағын бүгіннен бастаңыз!!!