
«BABY CITY»
МЕКТЕП-БАЛАБАҚША КЕШЕНІ ОҚЫРМАНДАРЫНА!
Құрметті ата - аналар, әріптестер және қонақтар!
Сіздерді «Baby City» ЖШС - і жекеменшік мектеп-балабақша кешенінің ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!
Біздің кешен – бүлдіршіндер мен оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат тұтқан, заман талабына сай жабдықталған, жылы әрі жайлы білім ордасы. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің бір орталықта үйлесімді дамуы балалардың тұлғалық қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді.
«Baby City» - бұл тек білім беру мекемесі ғана емес, бұл - балалардың қызығушылықтарын ашатын, шығармашылық пен жан - жақты дамуға жол ашатын орта. Біз әр баланың даралығын құрметтей отырып, оларға сүйіспеншілікпен қараймыз, әрі заманауи әдіс - тәсілдер арқылы оқытамыз.
Сайт арқылы сіздер біздің кешеннің жаңалықтарымен, жетістіктерімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен таныса аласыздар. Біз үшін ата-анамен байланыс пен өзара сенім - басты құндылықтардың бірі.
Бізбен бірге болыңыздар! Болашаққа бірге қадам басайық
Білім беру технологиясы мен мазмұны – тек оқу пәндерінің жиынтығы ғана емес. Ең алдымен оқушыны жеке тұлға ретінде, оның ойлау жүйесін дамытатын білім берудің негізгі мазмұны. Сондықтан кешенде ән, би, көркем өнер, каратэ, шахмат, үйірмелері негізгі пәндермен бірге үйлесім тапқан. «Baby City» мектеп-балабақша кешенінде – ерекше эмоционалды жайлы атмосфера қалыптасқан.
Бізің кешеніміз сапалы білім беруімен қатар, жоғары деңгейде тәрбиелік шараларды жиі өткізіп, оқушылардың, тәрбиеленушілердің табиғатқа жиі шығуы, мерекелік концерттер, фестивальдар, шығармашылық ойындар, спорттық жарыстармен де ерекшеленеді. Мектеп-балабақша есігі ата-аналарға әр кезде ашық.
Сулимова Маржангүл Құбиқызы