КӨРІСУ-амал тойы
14.03.2019«Айгөлек» фестивалінде біздің мектеп-балабақша кешенінің бөбектері жүлделі орын иеленді
21.05.2019
"Baby City" мектеп -балабақша кешенінде ерекше той- "НАУРЫЗ - КӨКТЕМ!"
11, 12 сәуір күндері қазағымыздың наурыз мерекесі ерекше атап өтілді.
Олай дейтін себебіміз, 11 сәуір күні "Салт-дәстүрім - таусылмайтын байлығым" тақырыбындағы өнеге, тәрбие сағаттары киіз үйде өткізілді. Балалар киіз үйдің құрылысымен танысып, киіз үйдің қазақ халқы үшін қаншалықты маңызы болғандығы туралы мәліметтер алды.
Сондай -ақ "Пейзаж -Ностроение. Природа и художник" тақырыбында бейнелеу өнері үйірмесінің тәрбиеленушілері табиғат аясында өздері көздерімен көріп отырған көріністері бойынша суреттер салды.
12 СӘУІР КҮНІ - Гала концерт және спорттық ойындардан (белдеспек, күш сынасу, ұзындыққа секіру, асық ату) жарыстар өткізілді.
Бала-Ата-Ана-Мұғалім болып, шақырылған қонақтармен бірге мәре -сәре болып қалдық.
Өзіміздің ұлттық қадір-қасиетімізді жоймай, ұрпақ санасына үнемі сіңіріп отырсақ, ондай елдің еңсесі ешқашан да төмен түспек емес. Білім мен тәрбие егіз ұғым деген атау үнемі айтылып жүруі керек.